Жаңалықтар
Шерзатты өлтірді деп айыпталғандар тергеу изоляторында торт жеп, туған күн тойлап жүр

Фото: скрин видео
Кадрларда олардың сусын ішіп, торттағы шамдарды үрлеп, «Алисадан» Қайрат Нұртастың «Туған күн» әнін қоюды сұрап жатқанын көруге болады, деп жазды qandastar.kz
Желіде 16 жасар Шерзат Полатты өлтірді деген күдіктілер тергеу изоляторында мереке ұйымдастырған бейне пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазба «Письма Президенту» телеграм каналында жарияланды.
Кадрларда олардың сусын ішіп, торттағы шамдарды үрлеп, «Алисадан» Қайрат Нұртастың «Туған күн» әнін қоюды сұрап жатқанын көруге болады. Ал біреу мұның бәрін телефонға түсірген.
Бейне әлеуметтік желілерде сын тудырды. Пайдаланушылар ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталушыларға осындай мүмкіндік берілгеніне наразы.