Шоу бизнес

«Шешесіне жақын емес, өзі тумаған»: желіде Баян Алагөзованың қызымен видеосы талқылануда

Әлеуметтік желіде Баян Алагөзованың кіші қызы Алманың әкесін қаттырақ жақсы көретіні туралы айтқан видеосы тарады, деп жазады qandastar.kz.

Оның айтуынша, бәрі одан:

«Неге үнемі Алисаны ғана көтересіз, неге Алманы көтермейсіз?» деп сұрайды.

«Өйткені ол үнемі әкесіне жабысып алады», – дейді Алагөзова.

Пікірлерде «Неге балалары анасын іздеп жыламайды, неге аяғына оралмайды?» деп жазғандар көп болды. Көпшілік бұны оның балаларды өзі босанбай, суррогат ана қызметін пайдаланғанымен байланыстырады.

«Неге балалары аналарының артынан ермейді?» деген сұраққа:

«Өйткені ол өзі тумады ғой, содан екі қызда да жақын емес, байланыс жоқ, Баян баладан алшақ сияқты», – деп жауап бергендер болды.

Тағы бір пікірде:

«Өзінің туған қызы емес сияқты. Няня баққан бала сондай болады, анасына емес, бөтен тәтеге қарағандай қарайды», – деп жазды.

@bayan__maxatkyzy #баянмақсатқызы #хочуврек #рек #рекомендации ♬ оригинальный звук — bayanmaxatkyzy

Ұқсас Мақалалар

Back to top button