Әлем жаңалықтары
Шетел компаниялары Қазақстанда барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Фото: ашық дереккөз
Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының үштігіне кіретін Rio Tinto Ақтөбе облысында оннан астам учаскеде барлау жүргізіп жатыр. Олар 2 млрд теңге инвестиция құйды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады qandastar.kz
Бұдан бөлек дүние жүзінде үздік ондыққа кіретін Fortescue компаниясы Ақтөбе, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстарында 32 учаскеде барлау жұмыстарын жүргізіп отыр. Оның барлауға салған инвестициясы 4 млрд теңгені құрады.
atamekenbusiness_qaz бұған дейін хабарлағандай, ВНР, Barrick, Teck Resources және First Quantum компаниялары халықаралық масштабтағы кен орындарын анықтау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. KIGAM Корей институты Тау-Кен Самрұқпен бірлесіп Арал өңірінде литийдің таралуын зерттеуге кірісті.
10 компания құйған инвестициялар көлемі шамамен 41 млрд теңге болады.