Белгілі әнші Маржан Арапбаева кезекті сапары жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz
Өнер иесінің айтуынша, бұл жолғы бағыты – Қытай елі. Әнші шетелге арнайы шақыртумен барғанын жазып, ондағы сапарының мақсатын да атап өтті. Ол Қытайда өтетін қазақ жас жұбайлардың тойында ән айтпақ.
«Көзді ашып-жұмғанша Қытайдан бір-ақ шықтық. Жанымда – жаңадан шаңырақ көтерген Мақсат пен Жұлдыз. Осы қос ғашықтың қуанышына ортақтасу үшін арнайы келдім. Енді бұл жақтың тойын да тамашалап қайтайық», – деп жазды Маржан Арапбаева Instagram парақшасында.



