Жаңалықтар

Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын алу үшін 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады

Қазақстан азаматтығын алу үшін шетелдіктер 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады.  Ғылым және жоғары білім министрлігі емтихан тапсырудың ережелерін әзірледі,-деп хабарлайды politico.kz

Құжат қоғам талқысына шығарылды. Жаңашылдыққа сай, сынақтан сүрінбей өту үшін кемінде алпыс ұпай жинау қажет. Емтиханда қазақ тілінен тыңдалым бойынша 20, оқылым бойынша 40 сұрақ қойылады.

Cондай-ақ, ел азаматы болғысы келетіндердің Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша да білімдері бағаланады. Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.

Мына тұлғалар сынақтан босатылады:

  • кәмелетке толмағандар;
  • әрекетке қабілетсіз тұлғалар;
  • Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;
  • этникалық қазақтар;
  • халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close