
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті түнде Щучинск қаласында өртенген дәмханаға қатысты мән-жайды мәлімдеді, деп хабарлады qandastar.kz порталы.
Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды.
28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жанып жатқан дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны шығарылып, ғимарат ішінде қайталама жарылыстардың алдын алды», — делінген мәлімдемеде.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


