Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

ШҚО-да 31 жастағы сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам өзі де көз жұмды

Күршім ауылында 31 жастағы әйел дене жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы оқиға 23 тамызда болған.

Облыстық полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, әйелге бірге тұратын ер адам күш қолданған. Оқиға кезінде ер адам алкогольдік ішімдік ішкен.

Әйел алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған. Ал оқиғадан кейін ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған.

Осы факті бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеушілер оқиғаның нақты қалай болғанын анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Полиция әзірге істің өзге де мән-жайларын жариялаған жоқ. Ведомство бұған Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабындағы талаптарды негіз етті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button