Жаңалықтар

ШҚО-да полиция капитаны бір отбасыны құтқарды

ШҚО-да учаскелік полиция капитаны Әсел Тұқышева кезекті аумақтық тексеріс кезінде бір үйден газ иісін сезіп, сонда тұратын анасы мен 3-тен 17 жасқа дейінгі бес баласын құтқарды, деп жазады qandastar.kz

Капитан жағдайды дереу бағалап, әйел мен балаларды сыртқа шығарып, жедел қызметтерді шақырды.

ТЖД мамандары пеште жарықтар бар екенін, сол арқылы түтін үйдің ішіне тарағанын анықтады. Тұрғын үй адам өміріне қауіпті деп танылды. Қазір отбасы Өскемен қаласындағы дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button