Әлеуметтік желілерде тойда түсірілген бейнежазба қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz
Кадрларда асаба ұйымдастырған би сайысы кезінде жас қыздың күтпеген әрекеті жұрттың назарын аударған. Шарт бойынша ер адам мен әйел би билеуі керек болған. Алайда би қызып кеткен сәтте қыз еңкейіп, іш киімін шешіп, оны қолында бұлғап, соңында серігінің көйлегіне салып жіберген.
Оқиғаның видеосын алматылық тамада Азамат әлеуметтік желіге жүктеп, “Мұндай жағдайды мүлде күтпедім, нағыз шок болды” деп жазған.
Желі қолданушылары бұл әрекетке екі түрлі көзқарас білдірді: бір бөлігі болған жайтты әзіл ретінде қабылдаса, көпшілік қыздың қылығын “арсыздық” әрі “қоғамдық мәдениетке сай келмейтін іс” деп сынға алды.
“Той емес, түнгі клуб секілді”, “Байқау ма, масқара”, “Мұндай көріністер дәстүрлі мерекелердің беделін түсіреді”, – деген пікірлер жиі жазылған.



