Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Фото: gov.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда дүниеге келген.
Білімі:
Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады.
1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.
1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2001-2006 жж — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің бас инспекторы, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы.
2006-2007 — ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, бөлім бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2007-2010 жж — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2012 — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2015 — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2015-2018 — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018-2021 — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі.
2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап — Семей қаласының әкімі.