Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қарт жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып көз жұмды

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні Өскемен қаласында болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы жергілікті YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындары Қазыбек би даңғылында жерде жатқан ер адамды көрген.

Жақын маңда полиция көлігі мен жедел жәрдем көлігі тұрған.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.

«Suzuki көлігінің 67 жастағы жүргізушісі кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қасындағы жолаушы жедел жәрдем шақырды. Алайда жүргізуші ол келгенге дейін қайтыс болды», — дейді департаменттегілер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button