
Тарихтың соңғы тірі куәгерлерінің бірі – ғасыр жасаған майдангер қайтыс болды, деп жазды qandastar.kz
Мұраталы Төлепбергенұлы – 1925 жылы 20 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Жаскешу ауылында дүниеге келген Ұлы Отан соғысының ардагері. 18 жасында майданға аттанған Мұраталы Төлепбергенұлы Брестті азат етуге қатысып, Германияға дейін жеткен.
Майдангер соғыс жылдары танкіге қарсы қолданылатын 76 миллиметрлік зеңбірекпен қаруланған 339-шы артиллериялық дивизия құрамында болған.
Мұраталы Төлепбергенұлы II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.



