БілімЖаңалықтар

Шымкентте 15 жастағы оқушы қыздар боди массаж қызметін көрсеткен

Фото; видеодан кадр

Жасөспірімнің анасы кәмелетке толмаған қызының «жұмысы» туралы сыныптасынан білген. Бойжеткен қосымша табыс тапқысы келіп, массаж жасау қызметін көрсетуге келіскен, бірақ соның кесірінен анасы қазір ата-ана құқығынан айырылу алдында тұр, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Шарасыз әйел Koremiz бағдарламасына жүгініп, жағдайдың мән-жайын айтқан болатын. Айтуынша, өзі газ мекемесінде жұмыс істеп, техниканың қауіпсіздігін тексереді. Үш баласы бар, әйел оларды өзі тәрбиелеп,  қолдан келгенше жеткізіп келеді. Мына оқиғаны естіген соң төбе шашы тік тұрып, қызын соққыға жыққанын да жасырмайды.

Ақиқатты білген ана бірден құқық қорғау органдарына хабарласып, қызмет ұсынатын тұрғын үйге жеткен. Ол кезде пәтерде қызметші қыздар мен тағы бір мас клиент болыпты.

Бұл оқиғаға жалпы үш кәмелетке толмаған оқушының қатысы бар болып шықты. Белгілі болғандай, үшінші жасөспірім осы жұмысты тапқан, алайда оны қабылдамаған. Соңында ол әлгі қыздың ата-анасына хабар беріп, шындықты жайып салғаны анықталды.

Жасөспірімнің айтуынша, көп ақшаға кенелмеген. Каникул уақытында қосымша табыс тапқысы келгенін айтады.

«Бірінші жұмыс күнімде 2 клиент келді. Ұлты – өзбектер. Енді ғана массаж жасауға кіріскенімде маған тиісе бастады. Қорыққанымнан қаштым, боди массаждың не екенін толық білмеймін», – дейді мектеп оқушысы.

Мұғалімдердің айтуынша, қыздардың оқу үлгерімі жақсы, сабақтан қалмаған. Қазір Шымкент прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close