Жаңалықтар

Шымкентте 21 жастағы қызды танысы пышақтап кетті

11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Stan.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция өкілдері қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ведомство қылмыстық іс қозғады.

“Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазір оны ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button