Білім

Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Фото: ашық дереккөз
Шымкентте 5 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Оқиғаны полиция растады, қазір қылмыстық іс қозғалған.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды». Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close