Әлеумет және қоғам

Шымкентте газдан улану салдарынан төрт адам көз жұмды

Шымкент қаласындағы Студенттік қалашық ықшам ауданында газдан жаппай улану оқиғасы тіркеліп, бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды. Қайтыс болғандардың арасында студент, оқушы қыз және жас келіншек бар. Оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Шымкент қаласындағы Студенттік қалашық ықшам ауданында алдын ала мәлімет бойынша газдан жаппай улану оқиғасы тіркелді. Бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылған. Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.

Көрші орналасқан үш отбасының мүшелері газдан уланып қаза тапқан. Қайтыс болғандардың ең кішісі – 16 жаста, ал үлкені – 32 жастағы келіншек. Олардың бірі терезені ашуға тырысқан студент жігіт болса, тағы екеуі – оқушы қыз бен оның жеңгесі, деп жазады КТК телеарнасы.

Марқұм 32 жастағы әйел бұл пәтерге жақында ғана көшіп келген. Оның артында 2, 4 және 5 жастағы үш қызы мен күйеуі қалды. Оқиға болған кезде күйеуі жұмыста, ал қыздары балабақшада болған. Ал ванна бөлмесінен табылған 20 жастағы қыз бұған дейін газдың иісіне шағымданып жүргені айтылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз шамамен сағат 12:00 шамасында табылған. Пәтер иесі үйіне келгенде ванна бөлмесінің есігі ішінен бекітіліп тұрғанын байқап, оны бұзып ашқан. Сол кезде жуынуға түскен қыздың жансыз денесі табылған. Кейін учаскелік полиция қызметкеріне хабар беріліп, тұрғындарды шұғыл түрде сыртқа шығару жұмыстары басталған. Құтқарушылар келіп, көрші пәтерлердің есіктерін ашқанда тағы үш адамның мәйітін анықтаған.

Аталған дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу амалдарын бастады.

Бұған дейін Талғарда күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел мен оның анасы ұсталғаны хабарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button