Шымкенттік құтқарушылар газ құбырындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жазатайым оқиға Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Базарқақпа» тұрғын алабында болған.
Жеңіл автокөліктің шкафты газ реттегіш пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, арты факелді жануға ұласты.
Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
Газ-ауа қоспасының соққысы салдарынан жақын маңдағы жеке үйдің терезелері зақымданды.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Жүргізуші өрт күшейгенге дейін автокөлік салонынан өз бетінше шығып үлгерген.



