
Фото: BAQ.KZ
Шымкенттегі тұрғын үй құрылысы алаңында 24 жастағы жұмысшы аяқталмаған лифт шахтасына құлап көз жұмды. Оқиға кезінде жауапты тұлғалар нысанда болмаған, деп хабарлады qandastar.kz.
Марқұмның туыстары қазаны растағанымен, түсініктеме беруден бас тартты. Құрылыс компаниясы да әзірге ресми пікір білдірмеді.
Қалалық еңбек департаментінің мәліметінше, марқұм – «Айна Мэйр Хаус» ЖШС қызметкері Үмітжан Балтабаев. Полиция «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғады.
Биыл Шымкентте өндірістік жарақаттан 17 адам зардап шегіп, алтауы қайтыс болған. Тергеу жалғасуда.