Жаңалықтар

Шымкентте психоневрологиялық диспансер қызметкерлері сотталуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Шымкентте психоневрологиялық диспансер қызметкерлеріне қатысты науқастарды зорлау фактісі бойынша сот ісі қаралып жатыр. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz  сайтына сілтеп. 

Шымкент сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс сотта жабық режимде қаралып жатыр.

Күдіктілерге Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Зорлау») бойынша айып тағылған.

Сотталушылар – Шымкентте орналасқан психоневрологиялық диспансердің қызметкерлері екені белгілі болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Айман Омарова арнайы мекемедегі пациенттерді зорлау фактілері туралы мәлімдеген еді. Сол кезде адвокат бұл істің күдіктілері неге қамауға алынбағанын сұраған еді.

Сонымен қатар 2024 жылдың қараша айында Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында ем алған 17 жастағы пациенттің анасы екі ай өткен соң қызының жүкті екенін білген. Әйелдің айтуынша, қызы медициналық қызметкерлер тарапынан зорлық көрген.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close