Жаңалықтар

Шымкентте тағы бір қыздың өлімі: күдікті ұсталғанда полиция қару қолданды (ВИДЕО)

Шымкент қаласында адам өлтіру оқиғасы тіркелді, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2026 жылғы 29 қаңтар күні  полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, күдікті өзара кикілжің салдарынан әйелге пышақ жарақатын салған. Өкінішке қарай, жарақаттан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Күдікті дереу ұсталды. Ұсталған кезде күдікті қарумен қарсыласқандықтан, заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері қызметтік қаруды қолданды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл – қаңтар айында Шымкентте тіркелген осындай екінші қылмыс. 2026 жылғы 11 қаңтар күні 21 жастағы студент қыз өлтірілген болатын. оған бірнеше рет пышақ сұғылып, алған жарақатынан көз жұмған болатын. Сол кезде ІІМ күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Осы оқиғадан кейін жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button