Жаңалықтар

Шымкентте туған әпкесінің баласын өлтірген әйел сотталды

Фото: ашық дереккөз

Жантүршігерлік оқиға Шымкентте 2024 жылы болған. 30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 6 жасар қыздың аяқ-қолын байлап, ұрып-соққан, – деп жазды qandastar.kz

Әйел жерге құлаған қызды ұрып-соғып, қорлаған. Қатты соққыдан балақай есінен танып, ал әйелдің айуандық әрекеті бұдан әрі жалғаса түскен. Соңында ол туған әпкесінің баласын су толтырылған ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтірген.

Айыпталушы сотта қасақана жасаған әрекетін мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.

«Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады», – делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.

Сот қылмыскер әйелдің жеңілдік сұраған өтінішін қабылдаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close