Жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқиды екен. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close