Жаңалықтар

Шымкентте жас қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады

Шымкент қаласында 12 қыркүйек күні жас қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде мәлімдеді. Ол жәбірленушінің қан-жоса болған видеосын жариялап, істің әділ тергелуін талап етті.

Айгүл Орынбектің айтуынша, алғашқы сот-медициналық сараптама қыздың жарақатын “жеңіл” деп бағалаған. Заңгер бұл шешіммен келіспей, қосымша сараптама жүргізуді сұрағанымен, тергеуші өтінішті қабылдамаған. Кейін адвокат прокуратураға жүгінген.

Прокуратура өкілдері сараптама тек Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Мараттың рұқсатымен тағайындалатынын хабарлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button