Жаңалықтар

Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунік 9 жылға сотталды

Фото: видеодан кадр

Ол Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары бола тұра, 2023 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығына техникалық зерттеу жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалмаған жұмыстарды және көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты орындалмаған жұмыстарды қабылдаған, – деп хабарлайды qandastar.kz

Содан бюджеттің жалпы 367 млн теңгесін сыбайласы жеке кәсіпкердің көмегімен жымқырған.
Кәсіпкер басқа тұлғалардың атына тіркелген және тендерлер бойынша жеңімпаз болған ЖШС-тер арқылы ақша алып отырған.

Шенеунік болса, өзінің ата-анасының атына тіркелген монша салып, осы арқылы қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырған.

Осылайша, шенеунік мүлкін тәркілеумен 9 жылға, ал кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close