Полиция 20 қаңтарда болған қанды төбелеске қатысты үш күдіктінің жасырынған жерін анықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданында жасырынған.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында болған жол апаты жаппай төбелес пен адам өліміне әкелді.
Салдарынан бір адам қаза тапты, ал екіншісі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Полиция бұған дейін төрт күдіктіні ұстаған болатын. Кісі өлтіру және бұзақылық істері бойынша барлық күдіктілер қазіргі уақытта тергеу изоляторында.



