Жаңалықтар
Шымкенттегі Auezov University ректоры қамауға алынды
Фото: Аuezov.edu.kz
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы Otyrar телеарнасы ақпарат таратты.
“Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды”. Бұл ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сондай-ақ ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған”, деп жазды Otyrar.kz.
Сондай-ақ сайтта Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растағаны айтылған.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты департамент басшысының ортынбасары өзге ақпаратты айта алмайтынын жеткізген.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаевтың айтуынша, күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.
“Біздің агенттіктен ақпарат беріліп жатыр, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр”, С.Құлбаев.
Бұл аталған факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернеттегі ресми ресурстарынан ешқандай ақпарат кезіктірмедік. Ал жоғары оқу орны басшылық өкілдері де ресми түсінікте бермеді.