Жаңалықтар

Шымкенттегі мұнай зауытында екі адам қаза тапты

Шымкент мұнай өңдеу зауытында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

26 тамыз күні оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш аударылып, мердігер компания «КРС Астана» қызметкерлері зардап шекті. Екі жұмысшы оқиға орнында қаза болды. Зауыт басшылығы арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

Қазір өндірістік апаттың себептері тексеріліп жатыр. Ал кәсіпорынның жұмысы штаттық режимде жалғасуда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close