Жаңалықтар

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделуші екі қыз зорланған

Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз «мекеме қызметкерлері зорлады» деп шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Бірі — депрессияға, екіншісі шизофренияға шалдыққан екі науқастың халі қазір тіптен ауыр.

“Маған зорлық-зомбылық көрсетеді. Өзінің мүшесін шығарады. Сол кезде “сіз не істеп тұрсыз? Әйел бала-шағаңыз бар емес па” дедім. Өз арам ісін асырып алады да түк болмағандай мені бөлмеден шығарып жібереді”, – дейді науқастың бірі.

 

Осы орталықта өзінің зорланғанын бірінші болып айтқан 22 жастағы қыз ажырасқаннан соң ауырып жатып қалған екен. Дәрігерлер депрессия диагнозын қойған. Сөйтіп оны шілде тамыз айларында 20 күнге емделуге жіберген. Ол өзін баспалдақ пен теледидар бөлмесінде екі санитардың бірнеше рет зорлағанын айтты.

“Қарсылық көрсеткеніме қарамай, күшпен кіргізеді. Екі есік құлпыланады. Барлығы жатып қалған уақытта жасайды. Істерін істеп болған соң “саған ата-анаң сенің сөзіңе сенбейді. Кейін ауырсаң осы жаққа қайтадан жатасың” дейді. Ол денелі кісі. Оған күш көрсете алмаймын, шок болып қалғанмын”, – дейді бойжеткен.

Болған жайтты 22-дегі қыз орталықтан шыққан соң анасына айтқан. «Бұл жаққа енді келмеймін. Санитарлар мені ғана емес, тағы үш қызды зорлады» деген. Анасы қызы айтқан үш қыздың да отбасын тауып, соның біреуі ғана полицияға арыз жазуға келіскен. Қалғандары ашылып сөйлеуден бас тартқан.

“Соңғы кездері ол жатып қалды. Не болды дегенімде ештеңе айтпады. Телефонын ұстап берді. Кейін құсып бастады. Соңғы кездері күдіктеніп, узи-ге бардық. Басында сенбедім, басқа жаққа барғанда 10 апта 4 күн деп берді”, – дейді анасы.

17 жастағы қыздың анасы қызының жағдайына жаны ауырады. Айтуынша, бұл оқиға түнде, орталықтың теледидар бөлмесінде шатыр мен бағанасында қайталанған. Өзін зорлаған санитарларды көріп жатады екен.

Зорлады деген екі санитардың бірі өз еркімен жұмыстан кеткен. Екіншісі ақысыз демалысқа шығыпты. Полиция сараптама тағайындап, қазір нәтижесін күтіп отыр. «Зорлау» бабымен қозғалған істе әзірше күдікті жоқ. Санитардың бірі бұл орталық он жылдан бері, екіншісі екі жылдан бері істейді екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «бұрын мұндай болған емес» дейді.

Шымкенттік полиция департаменті зорлау бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close