Жаңалықтар
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі қосылды

Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қаласы мен Шымкент қаласының арасында тікелей әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Алғашқы рейс сол күні-ақ Үрімші қаласындағы Тяньшань халықаралық әуежайынан қазақстандық Scat Airlines әуе компаниясымен жүзеге асырылды. Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты – 2 сағат 20 минут.
Үрімшіден Қазақстанның оңтүстігіндегі көлік хабтарының бірі саналатын Шымкентке келген жолаушылар осы әуе компаниясының ұшақтарымен Каир, Стамбұл, Мәскеу және басқа да қалаларға жол тарта алады.
Тяньшань әуежайы әкімшілігінің хабарлауынша, бұл әуе бағытының ашылуы болашақта екі өңір арасындағы сауда, экономика, туризм және мәдениет салаларындағы байланыстарды дамытуға септігін тигізеді.