Жаңалықтар

Шымкенттік алаяқ оқушыны 2 млн теңгеге алдап түсірген

polisia.kz

Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері «Anti-fraud» іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады.

Ол «Free Fire» мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған.

Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close