38 жастағы Шымкент тұрғыны досына өзінің батылдығын дәлелдеу үшін бірнеше қаламсапты бірінен соң бірін жұтып бастаған, деп жазады qandastar.kz
Бірақ біраз уақыттан кейін оның іш қабынған қатты ауыру сезімі пайда болды. Ер адамды жедел түрде ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлер оның асқазанында және ішектерінде бөтен заттардың бар екенін анықтап, арнайы эндоскопиялық құралдың көмегімен екі сағат ішінде 26 қаламды кесусіз алып шықты. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, оны үйіне жіберген.



