ЖаңалықтарСпорт

Шымкенттік параволейболшы TikTok-та миллиондық аудитория жинады

TikTok назарын Шымкент қаласының 23 жастағы тұрғыны Дәулет Садықов аударды. Волейбол алаңдарынан түсірілген оның видеолары миллиондаған қаралым жинап жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәулет колледжді тәмамдап, біраз уақыт Алматы қаласында тұрған. Сол кезеңде  параволейболмен айналысқан.

«Команда тарап кетті, ал жаттықтырушы әйелдер құрамасын жасақтады», — дейді спортшы.

Қазір ол уақытша Шымкентке оралғанымен, спорттық мансабын жалғастыру үшін Тараз қаласына қоныс аудармақ.

Дәулеттің айтуынша, оның өмірі 16 жасында күрт өзгерген. Ауыр дерт салдарынан оған аяғына ампутация жасауға тура келген. Бұған дейін жас спортшы күрделі диагнозға байланысты 15 отаны бастан өткерген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button