Жаңалықтар

Шымкенттік тұрғындар мұнай өңдеу зауытынан бензин ұрлап келген

Шымкентте тұрғындар мен қызметкерлер бірігіп, мұнай өңдеу зауытынан бензин ұрлап келген. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар қала тұрғындарымен сөз байласқан.

“Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату деректері анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады”, – делінген хабарламада.

Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленген.

Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.

“Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button