Қаржы және төлемдер
Шымкенттің әкімі «Ордабасы» клубына 1 миллиард теңгенің не үшін бөлінгенін айтты
Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Ордабасы» клубына не үшін 1 миллиард теңгенің бөлінгенін айтты, деп жазады qandastar.kz
Ғабит Сыздықбековтің сөзінше, 1 миллиард теңге жалақы бойынша міндеттемені өтеу үшін орындау үшін бөлінген.
«Бізде жыл соңына дейін жалақыны толықтай жабуға міндетті болдық, сондықтан 1 миллиард теңге бөлінді. Әр қаржының өз орны бар. Заңды жолмен бөлінген қаражат», — деп айтты әкім.
Сонымен қатар қала басшысы «Ордабасы» клубындағы легионерлер мәселесі жайлы да түсіндірме берді.
«Клуб легионерлермен ұзақ мерзімге келісімге қол қойған. Келісімдер УЕФА-да тіркелген. Келісімшарт талабы бойынша көрсетілген жалақыны соңына дейін төлеуге міндеттелеміз. Төлемеген жағдайда тек «Ордабасы» клубы емес, еліміздің футбол федерациясына санкция қолдану қаупі болды. Қазір біраз легионерлер келісімшарт уақыты біткендіктен, жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ өз жастарымызды шетелге шығарып, ешқашан болмаған формамен жасақтадық. Келер жылы біз басқа өңірлер секілді көзделген қаржы бөлеміз, одан артық ақша бөлінбейді», – дейді Ғабит Сыздықбеков.
Айта кетейік, белгілі заңгер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында Шымкент әкімдігі «Ордабасы» футбол клубының шетелдік ойыншыларына халық қаражатынан шамамен 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырғанын жазған еді.