Жаңалықтар

«Шынайы махаббатты армандаймын»: Балжан Бидаш өзіне ұнайтын жігіттің түрін көрсетті

Сахнадан біраз уақыт алыстап кеткен Балжан Бидаш Америкадағы саяхатынан оралған соң Айкерім Есенәліге ашық сұхбат берді, деп жазды Qandastar.kz

Әнші алғаш рет өз қиялындағы ер адамның бейнесін ашық көрсетті. Балжанның айтуынша, жігітке деген талабы көп емес, бірақ ең бастысы – оның табысы өзінікінен жоғары болуы тиіс.

Сұхбат барысында ол кез келген бойжеткеннің қиялында бір идеал жігіттің болатынын айтып, өзінің талғамына сай келетін азаматтың нақты фотосын көрсетті. Көрсетілген суретте шетелдік актер жігіт бейнеленген, ол Балжанның стандарттарына сай келетін көрінеді.

Сонымен қатар, өнер иесі шынайы махаббатты армандайтынын және оны әлі бастан өткермегенін жеткізді.

Бұдан бөлек, подкастта Америкаға жасаған сапары туралы айтып, шығармашылықпен айналысатын жандарға маңызды кеңес берді:

“Америкаға бару бала кезден арманым болатын. Сол арманымды жүзеге асырдым. Сол жақтағы деңгейлерді көрдім. Жалпы, әр шығармашылық адамына Америкаға барып қайтуға кеңес беремін. Сол кезде Қазақстанда қай деңгейде жұмыс істеп жүргеніңді түсінетін боласың. Америкада жүргенде жоғары деңгейді сезінесің, масштаб бар”, – деді әнші.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close