Жаңалықтар
«Шынашағын кесіп алған»: Таразда бұрынғы полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Фото:Kris.P. Taraz
1 сәуірде «Жеңіс» саябағының жанындағы алаңда өтіп бара жатқан әйелдің көзіне ер адамның жаншылған денесі түскен. Марқұмның басы мүлде танылмайтындай күйге түскен. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдары 44 жастағы марқұмның аты-жөні Жандос С. екенін анықтады. Ол – бұрынғы полиция қызметкері.
HALYQSTAN мәліметінше, ер адам ажырасқаннан кейін ішімдікке салынып, үй-күйсіз жүрген. Жеті жылдан бері тұрақты баспанасы болмаған. Ал соңғы уақытта ішімдікке әуес адамдар жиналатын бос алаңда жиі уақыт өткізген.
Марқұмды кім және не үшін мұншалықты қатыгездікпен өлтіргені тергеу барысында анықталмақ. Қаскөй оның басын жаншып қана қоймай, шынашағын кесіп алған. Қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін біз Таразда жалдамалы пәтерде уәкілетті қызметкердің өлімі туралы хабарлаған едік.