Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Шындық ашылады»: Трамп Қазақстаннан қандай құпия құжатты сұрап отыр?

АҚШ-тың  президенті Дональд Трамп ҚР Әділет министрлігін Джеффри Эпштейнге қатысты материалдарды жариялауға міндеттейтін заңға қол қойды. Ақ үй басшысының айтуынша, құжаттар арасында экс-президент Билл Клинтонға қатысты ақпарат та бар, деп жазады qandastar.kz

Трамп әлеуметтік желісінде «Эпштейнге қатысты шындық енді ашылады. Демократтармен байланыстар жария болады» деп хабарлады. Ол өз жазбасында бірнеше адамның атын атап өтті, соның ішінде өзінің ұшағымен 26 рет сапар жасаған Клинтон да бар.

Джеффри Эпштейн 2008 жылы жыныстық қылмыстар бойынша айыпталып, ұзақ мерзімге сотталған. 2019 жылы ол түрмеде қайтыс болды. Тергеу барысында оның үстінен 300 гигабайтқа жуық материал мен физикалық айғақтар жиналған, онда қылмыс құрбандарының суреттері мен видеолары болған. Қазірдің өзінде кейбір құжаттар жарияланғанымен, ең даулы материалдар әлі ашылған жоқ.

Эпштейнмен байланысы бар адамдардың қатары қоғамның сынына ілінген.

Құпия құжаттарда Қазақстанға қатысты мәліметтер де кездеседі, бірақ олар қылмыстық сипатқа ие емес. Мысалы, 2024 жылы Эпштейннің паспортына қатысты материалдарда қаржыгер Қазақстанға сапар жасауды жоспарлағаны көрсетілген (ABC News, 2024). 2025 жылы АҚШ Конгресінің бақылау комитеті 20 мыңнан астам құжатты жариялады. Онда Эпштейн лоббистер арқылы конгресмен Даррелл Иссаға ықпал етуге тырысқаны айтылады.

Айта кету керек, Исса 2008 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button