Жаңалықтар
Шырша безендіремін деп құлаған мұғалімге өмір бойы өтемақы беру ұсынылды
Фотоколлаж Kyn.kz
Шырша безендіремін деп құлаған мұғалімге өмір бойы өтемақы беру ұсынылды, деп жазды qandastar.kz
Мұндай бастаманы депутат Жұлдыз Сүлейменова көтеріп отыр. Сөзінше, Семейде шырша орнатуға және безендіруге бөлінген қаражат жіті тексерілу қажет. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған тұлғалар да жауапқа тартылғаны жөн.
«Зардап шеккен мұғалімге толық медициналық көмек көрсетуді және заңды өтемақы төлеуді, оның ішінде педагогтың алған жарақатын өндірістік жарақат деп тануды және оған өмір бойы өндірістік жарақатқа берілетін төлемді тағайындауды қарастыруды сұраймыз», – дейді депутат.
Мәжілісмендер бұл оқиға Бас прокуратураның жеке бақылауына алынуы керек деп есептейді. Естеріңізде болса, 21 желтоқсанда Семейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев орталық алаңдағы жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын.