Жаңалықтар

Сиднейдегі терак кезінде 11 адам қаза тапқан: Трамп оны «антисемиттік шабуыл» деп атады

Еуропалық және әлемдік көшбасшылардан кейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Сиднейде Ханука мерекесін атап өтіп жатқан адамдарға қарсы жасалған терактке пікір білдірді,  деп жазады qandastar.kz. 

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Сиднейде Ханука мерекесі кезінде болған терактті айыптап, болған оқиғаны «таза антисемиттік шабуыл» деп атады.

«Бұл сұмдық шабуыл болды: 11 адам қаза тапты, 29 адам ауыр жарақат алды. Бұл, сөзсіз, антисемиттік теракт», — деді ол.

Осылайша, Трамп Бонди-Бичте жасалған терактті айыптаған әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды. Бұған дейін антисемитизм мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың маңыздылығы туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен жазған болатын, осындай мазмұндағы жазбаны Франция президенті Эммануэль Макрон да жариялады. Ал Ұлыбритания королі Карл III-тің (ол сондай-ақ Австралияның да монархы) мәлімдемесінде «еврейлерге қарсы бағытталған сұмдық антисемиттік теракт» туралы айтылған.

Сондай-ақ Трамп Браун университетінде болған атыс оқиғасын да атап өтті: оның салдарынан екі адам қаза тауып, 9 адам жараланған.

 

@the.australian

Vision emerges of Jewish man staring down shooters. A father-son duo were responsible for the horrific anti-Semitic massacre in Bondi on Sunday, police have confirmed. NSW Police Commissioner Mal Lanyon said only two offenders were involved in the attack – a 50-year-old and 24-year-old. Follow live updates at the link in our bio.

♬ original sound — The Australian

Ұқсас Мақалалар

Back to top button