Жаңалықтар

СІМ Қатар мен БАӘ-де жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарларды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады.

«Қазіргі уақытта жағдай мен ықтимал тәуекелдерге жан-жақты баға беріліп, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстердің тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне алып келді», — деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты министрлік Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;

адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;

қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;

брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;

төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі:

+97450649955

+97470910579

kazconsul.doha@gmail.com

doha@mfa.kz

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қаласы):

+97124498778

+971503629805

abudhabi@mfa.kz

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:

+971556103341

+971505701978

dubai@mfa.kz

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 05 00

Ведомство хабарлағандай, Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсету жалғасып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close