Әлем жаңалықтары

Сирияның президенті елден кетті

Фото: ашық дереккөз

Сириялық көтерілісшілер ел астанасына басып кіріп, үкіметтік күштердің позициясына ірі шабуыл жасады. Қараша айының соңына қарай басталған көтеріліс нәтижесінде елдің бірнеше қаласы бақылауға алынды. Президент Башар Асад Дамаск халықаралық әуежайынан «белгісіз бағытқа ұшып кеткен», деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы Reuters пен Al Hadath ақпараттық агенттіктері хабарлады. Тиісті мәліметті елдің адам құқығы жөніндегі бақылау орталығы (SOHR) да растап отыр. 

Көтерілісшілер Дамаск маңындағы Сайедная түрмесінен мыңдаған тұтқынды босатқанын мәлімдеді. Түрме 2011 жылы елде азаматтық соғыс басталғаннан бері жаппай азаптау мен өлім жазасы кесілетін орынға айналған.

59 жастағы Башар Асад 2000 жылдан бері Сирияны басқарды. Оған дейін әкесі Хафез Асад 30 жыл бойы билікте отырды.  

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close