Әнші Сиви Махмуди әлеуметтік желіде жас жігітпен түскен видеосын жариялап, ел талқысына түсті, деп хабарлады qandastar.kz.
Бейнежазбада әнші бейтаныс жігітпен бірге көңілді сәттерін көрсеткен. Жазба астында Сиви: «Бұл кадрлар өмірден алынған ба, әлде кинодан ба?» – деп жазып, көпшілікті қызықтырып қойды.
Желі қолданушылары пікірге қалыс қалмады. Бірі «Махаббат жасқа қарамайды», «Кино болсын,омир болсын! Ар айел бакытты болуга лайыкты» деп жылы лебізін білдірсе, енді бірі «Баласы екен десем…» деп таңданысын жасырмады.
Кей көрермен бұл видео жаңа шығармашылық жобаға қатысты болуы мүмкін деп болжауда. Алайда әнші әзірге жеке өміріне байланысты нақты түсініктеме берген жоқ.