«Жайдарман» ойындарының тұрақты жүргізушісі Есен Елеукен желідегі парақшасында жүрек тебірентетін жазбасын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған бұл жазбасында ол бір жыл дүниеден озған анасына еске алды.
Бүгін асыл анамның бізді тастап, мәңгілік мекеніне аттанғанына тура бір жыл толды. Арада зымырап уақыт өтсе де, көңілдегі сағыныш басылар емес. «Айналып қана кетейін, балам» деген бір ауыз жылы сөзін, шуақ шашқан мейірімді жүзін, ақыл айтып отыратын даналық бейнесін сондай қатты сағынамын. Сіз барда дүние де түгел, көңіліміз де тоқ еді… – деп жазды Есен Елеукен.



