Жаңалықтар

«Сізге сәлемдеме келді»: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Фото: kras.mk.ru
Павлодар облысында ұялы телефонға немесе WhatsApp қосымшасына қоңырау шалып, өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар пайда болған. Олар сізге интернет-дүкеннен сәлемдеме келгенін, оны алу үшін SMS-код жазу керегін айтады. Бұл туралы qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Артынша алаяқтар телефонға қайта қоңырау шалып, өздерін тәртіп сақшылары немесе банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Сондай-ақ өзінен бұрын алаяқтардың қоңырау шалып, SMS-код сұрап, несие рәсімдемек болғанын айтады.

«Ал алаяқтықтың алдын алу үшін олар өздеріне несие рәсімдеуді, алынған қаражатты өздері беретін түрлі банктік шоттарға аударуды сұрайды”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді дереу тоқтату кергін ескертті. Сонымен қатар болашақта күмәнді нөмірлерден келетін қоңырауларға жауап бермеу қажеттігін еске салды.

“Бұл туралы «102» немесе банктің сенім телефонына хабарлау қажет. Банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жұмыс істемейді. Сақ болыңыз», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайлық ер адам банк деректері, логин пен құпиясөздерді сатып, вирустар  таратқаны туралы жазған едік. Осылайша күдікті 1,5 миллион теңге табыс тапқан екен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close