Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың екі сөйлегенін жұрт сынауда. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі syrmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкім Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында қызметтік көлігі ретінде KIA-ны пайдаланатынын айтқан. Алайда артынша Lexus 570 көлігіне жайғасып алған.
Желі қолданушылары «Алдар көсенің шөбересі», «Екі қызметтік көлігі бар шығар», «KIA қалай Lexus-қа айналды?» деп пікірлерін жаудырып жатыр.



