ДенсаулықЖаңалықтар

СҚО-да ірімшікке қақалып, клиникалық өлімге түскен ер адам аман қалды

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында 50 жастағы ер адам чечил ірімшігіне қақалып, клиникалық өлім жағдайына түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамның жүрегі тоқтағанын анықтап, бірден жүрек-өкпе реанимациясын бастады.

Тексеру барысында дәрігерлер тыныс жолын бітеп тұрған чечил ірімшігін алып тастап, науқастың тыныс алу жолын қалпына келтірді.

Жүргізілген реанимациялық шаралардың нәтижесінде ер адамның жүрек соғысы қайта соғып, кейін өздігінен тыныс ала бастады.

Ол аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оны аман алып қалуға жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби әрі шұғыл әрекеті себеп болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button