
Көлден 150 келі өлген тұқы балығы жинап алынды. Аэрация жұмысының уақтылы жүргізілмеуінен су жәндіктері оттегі жетпей, тұншығып өлген.
«Бұл факті бойынша инспекция көлді пайдаланушыны жауапқа тарту бойынша құжат жинап жатыр», — деді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Ильдар Какимов.