Жаңалықтар

Смайылов: Денсаулық сақтау министрлігін тексеру барысында 3,7 млрд сомаға заң бұзушылық анықталды

Фото: Егемен Қазақстан

Жоғары аудиторлық  палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Жоғары аудиторлық  палатаның мүшесі Тілеген Қаскин мәлімдегендей, фармацевтикалық өнімдердің айналымында 36 жүйелі кемшілік анықталды.

Аудит фармацевтика саласын дамытуға кешенді көзқарастың жоқтығын көрсетті. Мысалы, отандық шикізат дәрі-дәрмек өндірісінде іс жүзінде пайдаланылмайды, ал импорттық компоненттердің сапасына нақты талап белгіленбеген.

Жалпы алғанда, отандық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту төмен – 20%-дан аз күйінде қалып отыр. 2023 жылғы сату нәтижелері бойынша отандық дәрілердің нарықтағы үлесі 18% құрайды», – деп хабарлады ЖАП мүшесі.

Бағаны мемлекеттік реттеу де тиісті деңгейде жүргізілмейді.

«Шекті бағаны белгілеу әдістемесін Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіз әзірлеген. Неліктен салыстырмалы бағаға талдау жүргізілмейді?», – деген сауал қойды Әлихан Смайылов.

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова былай жауап қатты: Талдау қорытындысына келсек, бүгін барлық баға бойынша 6,5 мыңнан астам дәрі-дәрмек тексеріледі. Жұмыс тобы құрылды. Жыл соңына дейін біз көтерме және бөлшек сауда сегментінде  белгіленген бағаларды қайта қараймыз деп ойлаймын.

P.S Айта кетейік, салада 3,7 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталып отыр. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 538 млн теңге, тиімсіз жоспарлау – 2,8 млрд теңге, активтерді тиімсіз пайдалану – 385 млн теңге. Бюджеттің ықтимал шығыны – 21,7 млрд теңге.

Сондай-ақ жақында тексеруге кедергі келтіргені үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны да хабарланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close