Жаңалықтар

SMS-пен келген кодты айтыңыз және басқасы: Алаяқтар жиі қолданатын сөз тіркестері аталды

 

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, ең жиі қолданылатын алты сөз тіркесі бар.

“Егер сіз бейтаныс адаммен телефон арқылы сөйлесу кезінде осы сөз тіркестерін естісеңіз, дереу телефонды өшіріңіз”, – деп кеңес береді ІІМ.

Ал алаяқтар көп қолданатын сөздердің қатарында:

– олар сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті транзакция тіркелді;

  SMS-пен келген кодты айтыңыз;

– тергеу амалдары жүргізілуде, алаяқтарды ұстауға және ақпаратты жарияламауға көмектесіңіз;

– несиеге өтінім берілді;

– ақшаны арнайы және қауіпсіз шотқа аударыңыз;

  банк картаңыздың/SIM картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын.

“Полицейлер азаматтарға қырағы болуға кеңес беріп, туыстары мен жақындарына ескерту жасайды”, – делінген ақпаратта.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close