Жаңалықтар

«Соғысты соңына дейін жеткізу керек»: Қадыров Украинадағы жағдайға қатысты келіссөздер туралы пікір білдірді

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысты өз пікірін білдірді.. Бұл туралы qandastar.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап хабарлады.

Қадыровтың айтуынша, Украинадағы әскери операция соңына дейін жеткізілуі тиіс.

«Менің ойымша, соғысты соңына дейін жеткізу керек. Қанша іс атқарылғаннан кейін (…) келіссөздерге қарсымын», – деді өңір басшысы «Маяк» радиостанциясына берген сұхбатында.

Басылым мәліметінше, Қадыров бұл пікірін Ресей президенті Владимир Путин мен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян арасындағы келіссөздерге қатысу үшін Кремльге барған кезде білдірген. Ол ресейлік делегация құрамында болған.

Айта кетейік, Шешенстан басшысы бұл мәлімдемені Ресей мен Украина өкілдерінің 1 ақпанда Абу-Дабиде өтеді деп жоспарланған кезекті кездесуіне аз уақыт қалғанда жасаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button